20.06.2026, 09:00 Санатта Компанияның жаңалықтары
2026 жылдың маусым айында Саран қаласындағы Tengri Tyres зауыты маңызды өндірістік межеге жетті — кәсіпорын конвейерінен Attar брендімен шығарылған миллионыншы шина шықты.

Зауытта шиналарды сериялық өндіру 2024 жылдың маусым айында басталды. Сол кезде Қазақстан аумағындағы дилерлерге алғашқы шина жеткізілімі жүзеге асырылып, бір айдан кейін экспорттық тиеп жөнелтулер басталды. Бүгінде компания жеңіл автомобильдерге, жол талғамайтын көліктерге, коммерциялық көлікке, сондай-ақ тұтас металл кордты жүк шиналарын шығарады.
Attar шиналары шиналық индустрияның әлемдік тәжірибелеріне сәйкес өндіріледі. Кәсіпорында сапаны бақылаудың қатаң жүйесі енгізілген: әрбір шина міндетті түрде визуалды және автоматтандырылған бақылаудан өтеді. Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін өнімдер кәдеге жаратуға жіберіледі.
Зауыт өнімі Қазақстанның автомобиль зауыттарында шығарылатын көліктердің бастапқы жинақталуына жеткізіледі. Бұл өнім сапасының жоғары деңгейін және оның автомобиль өнеркәсібінің талаптарына сәйкестігін растайды.
Миллионыншы шинаның шығарылуы — Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз заманауи толық циклді автоматтандырылған шина өндірісінің дамуындағы маңызды кезең. Кәсіпорын ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін де арттыруда.
Анықтама үшін
Tengri Tyres зауыты Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқан. Кәсіпорынның жалпы ауданы 106 мың шаршы метрді құрайды, бұл шамамен 15 футбол алаңының аумағына тең. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 3 миллион жеңіл автокөлік шинасын және 500 мың жүк шинасын шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында бағалық позициясы бойынша жаппай тұтыну сегментіне жататын Attar брендімен шиналар өндіріледі. Технологиялық процесс шиналарды өндірудің толық циклін қамтиды — резеңке қоспалары мен компоненттерді дайындаудан бастап, шиналарды құрастыру, вулканизациялау және дайын өнімнің сапасын бақылауға дейін.